Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2019
Жаһандық ахуалға сай жаңа қадам
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясының жұмысына қатысуы тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан көпвекторлы сыртқы саясатының негізгі ұстанымдары мен басымдықтарын ілгерілету ісінде үлкен маңызға ие. Бұл ретте Қ.Тоқаевтың БҰҰ құрылымдарындағы мол еңбек тәжірибесі еліміздің халықаралық беделінің артуына және әлемдік аренада жаңа сапалы деңгейге көтерілуіне ықпал етері сөзсіз.
Әлем • 30 Қыркүйек, 2019
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы Жалпы дебаттарының ашылуына қатысып, сөз сөйледі. Сессия асында екіжақты кездесулер өткізді. Қазақстан Президентінің сөйлеген сөзіне, жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулеріне әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары айрықша назар аударды. Сол жарияланымдардың бірқатарын «Egemen Qazaqstan» газетінің оқырмандарына ұсынып отырмыз.
Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2019
Премьер-Министр Асқар Мамин Тұңғыш Президент – Елбасының Nur Otan партиясының Саяси кеңесінде берген халықпен кері байланыс құралдарының тиімділігін арттыру бойынша тапсырмасының, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастыру бойынша міндеттердің аясында Nur Otan партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдауды өткізді.
Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2019
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Ә.Смайыловтың төрағалығымен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2019
БАҚ-қа салық жеңілдігі жасалады
Қазмедиа орталығында Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, Парламенттің қарауына ұсынылатын бірқатар мәселе қаралды.