Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2018
Еліміздің жас лидерлері «Ұлттық патриоттық актіне» қол қойды
Еліміздегі жастар ұйымдары жарқын болашақ жолында күш біріктірді. Бурабайда «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен «Жастар – Отанға!» лагерінде Қазақстанның жас лидерлері «Ұлттық патриоттық актіне» қол қойды. Осылайша ел жастары өзара әріптестікті нығайтып, жастар саясатын жандандыруға бағытталған бастамаларды бірлесіп жүзеге асырмақ. Лагерь жұмысының салтанатты ашылу рәсіміне «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қатысты.
Бағдарламалар • 15 Қыркүйек, 2018
«Дипломатия жаршысы» журналының үшінші басылымы жарық көрді
«Дипломатия жаршысы» журналының үшінші басылымы күзгі саяси маусымның маңызды оқиғалар шеңберінде жарық көрді, оның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі мен «Белдеу мен жол» бастамасының 5-жылдығына баса назар аударылды.
Бағдарламалар • 15 Қыркүйек, 2018
Астанада «Digital Arena»-2 форумы өтіп жатыр
«Атамекен» ҚР ҰКП ІТ-Кеңесі және «Ұлттық Ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп Astana Hub алаңында цифрландыру тақырыбына арналған «Digital Arena»-2 атты форумы өтіп жатыр.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2018
Атырауда оқушыларға арналған тегін IT-сынып ашылды
Оқушылар орталығында «Нұр Отан» партиясының бастамасымен IT-сынып ашылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2018
Партия Хатшысы Ақтөбеде Президенттің бес әлеуметтік бастамасының орындалуымен танысты
Ақтөбеде өткен аймақтық бастауыш партия ұйымдарының форумы облыс әкімінің қатысымен өткен пленарлық отырыста қорытындыланды. Осы күні «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Тамара Дүйсеновамемлекеттік қызметкерлермен кездесті. Президенттің бес әлеуметтік бастамасының және жаңа партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.