Әдебиет • 14 Қыркүйек, 2018

«Егеменде» жазушы Әкім Таразимен шығармашылық кездесу өтті

301 реткөрсетілді

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінің «Төр» әдеби клубында ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, драматург, киносценарист, «Отан» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Əкім Таразидың 85 жылдық мерейтойына орай шығармашылық кездесу өтті.

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАР

Әдеби кешке жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Роза Мұқанова, ақын Оңайгүл Тұржан, кинотанушы, өнертану кандидаты Нәзира Рахманқызы және «Егемен Қазақстан» газетінің журналистері мен  әдебиет әлемінде жүрген шығармашыл жастар қатысты. Айтулы кездесуді Бас басылымның басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың құттықтау сөзімен ашып берді.

«Қадірлі Әкім Үртайұлы! Сізді 85 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Ұлт әдебиетіне өрнек салған Сіз осынау белесті қадірлі тұлға, руханиятымыздың шоқтығы биік өкілі ретінде қарсы алып отырсыз. Сіздің шығармашылығыңыз қалың оқырманның ыстық ықыласына ие болды. Бірқатар туындыларыңыздың желісі бойынша түсірілген көркем фильмдер көрермен көзайымына айналды. «Тұлпардың ізі», «Қараш-қараш», «Мұстафа Шоқай» – қазақ киносының алтын қорында сақталатын өте құнды дүниелер. Ізгілік, отансүйгіштік, ұлттық құндылықтарды ұлықтау мәселелерін Сіз драматургияда да кеңінен насихаттап келесіз. Осынау толағай табыстарыңыз шабытыңызға шабыт қосып, төл әдебиетіміз тың туындыларыңызбен толыса берсін дей келе, бүгінгі мерейтойыңызда Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, ұзақ та баянды ғұмыр, әулетіңізге бақ-береке тілеймін!» делінген құттықтау хатта.

Кездесу барысында қадірлі қонақтар сөз алып, мерейтой иесінің шығармашылық әлемінен жан-жақты сыр қозғаса, жастар жағы осы сәтті пайдаланып сүйікті қаламгеріне көкейінде жүрген қызықты сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Сырласу стилінде өткен жүздесудің ерекшелігі де сол – мұнда жазушы бұған дейін ешбір жерде айтылмаған тың дерек, қызықты сәттерімен бүкпесіз бөлісті.

Оқырмандарына жан сырын ақтарды. Кеш соңында «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма төрағасы Дархан Қуандықұлы мерейтой иесіне жүрекжарды лебізін білдіріп, барша ұжым атынын шапан жауып, құрмет көрсетті. Шынайы өрбіген әдеби әңгімеден рухани ләззат алған оқырман қауым да кездесуден марқайып тарқасты.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаны қазақ Виктория

Қоғам • Кеше

Қандастарға қамқорлық

Аймақтар • Кеше

Қытай айнасының құпиясы

Аймақтар • Кеше

Өнер қонған өлке

Аймақтар • Кеше

Тасқа қашалған жыр

Аймақтар • Кеше

Инфляция ырыққа көне ме?

Экономика • Кеше

Алматыда жарық сөніп қалды

Аймақтар • 15 Шілде, 2019

Ұқсас жаңалықтар