Кино • 14 Қыркүйек, 2018
Өткенде Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайының жаттығу залына кездейсоқ бас сұққан жандар қызық оқиғаның куәгері болды. Оқиға дегенде, қазіргі заманғы озық үлгімен бой көтерген спорт ғимаратының іші бір күнде өзгеріп, өткен ғасырдың 80-жылдардағыдай сәулет кейпіне енгенін көріп, таңырқаған еді...
Өнер • 14 Қыркүйек, 2018
Әділ ӘУБЕКЕРОВ: Кең даладан шабыт аламын
Әділ – суретші. Астрахань қаласында туған қазақ. Қазір Мәскеуде тұрады. Оның көрмесі Ресей аумағынан бөлек, Еуропаның бірқатар ірі қалаларында қойылып, сұлулықты жүрегінен өткізіп, сырға айналдырар ойлы туындыларымен көрушісін терең сезімнің тұңғиығына бойлатып жүр. Әділ ешқашан өз шығармашылығына меже қойып, қабілетін белгілі бір бағыт немесе стильмен шектеген емес. Адам, түс, сызық, сюрреализм, экспрессия, абстракция – бұлардың барлығы қайсыбір сиқырмен астраханьдық суретші Әділ Әубекеровтың жарқын және эмоционалдық суреттерінде үйлесім тауып жатады. Суретшіде барлығы еркін: сұңғыла сыр да, сәулелі ой да, биік талғам да. Оған шығармашылық қуат сыйлайтын, шабыттандыратын негізі күш – Табиғат-Ананың өзі. Шынайылықтан нәр алған қылқалам иесінің шығармашылығы сонысымен ерекше, сонысымен құнды. Қыркүйек айының 15-і мен қазанның 30-ы аралығында бас шаһар төріндегі TSE art destination галереясында өтетін «Astana-Art Show 2018» халықаралық көрмесіне қатысуға Мәскеуден арнайы келген талантты жас суретшімен өнер жайлы пікірлескен едік.
Тарих • 14 Қыркүйек, 2018
Берекет КӘРІБАЕВ. Хақназар хан жөнінде
Қазақ хандығы дәуірінің біртұтас кезеңі XV ғасырдың ортасынан XVIII ғасырдың басына дейінгі аралықты қамтыды. Ал Тәуке ханның өлімінен кейін екінші кезеңнің, бытыраңқылық кезеңінің басталғаны белгілі. 250 жыл уақытқа созылған алғашқы кезеңде Қазақ хандығында он жеті хан билікте болған екен. XV ғасырда үш хан (Керей хан, Жәнібек хан және Бұрындық хан), XVII ғасырда – бес хан, ал XVI ғасырда тоғыз хан биліктің тізгінін ұстайды. Осы XVI ғасырдағы тоғыз ханның бірнешеуінің ғана есімдері қазақ тарихында ерекше айтылады. Олар – Қасым хан, Хақназар хан және Тәуекел хан.
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2018
Балалардан да төлқұжат талап етіледі
Соңғы кездері әлемдегі геосаяси жағдайларға, терроризм мен экстремизм қаупіне байланысты көптеген мемлекеттер өз шекарасынан өткізу тәртібін қатаңдатты.
Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?
Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.