Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2018
Солтүстік Қазақстанда «Қазақтану» орталығы ашылды
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында достық үйінде «Қазақтану» орталығы құрылды.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2018
Шекара шебіндегі түйткілдер шешімін табады
«Қаншама тәуелсіз ел болсаң да шекараң ашық-шашық жатса, ол іргедегі көршілердің тарапынан түгел мойындалмаса, ондай тәуелсіздіктен береке болмайтыны белгілі. Жалпы, жер дауы, шекара мәселесі түпкілікті шешілмесе, ел ішінде тыныштық, тұрақтылық болмайды, тұрақтылық жоқ жерде экономика алға баспайды, ал бұл екеуі жоқ болса, мәдениет пен ғылымның алға жылжуы мүмкін емес», – деген еді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бір сұхбатында.
Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2018
Елбасы Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында шеттегі қандастарымыздың атамекен қазығы – Қазақстанмен ақпараттық, мәдени-рухани байланысын нығайта түсу үшін оларға отандық мерзімді басылымдардың қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. «Egemen Qazaqstan» газеті Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен ұлттық баспасөз тарихында тұңғыш рет Ресей аумағында газет таратуға лицензия алды. Бас басылымның 100 жылдық қарсаңында қол жеткізген осы және басқа да жаңалықтары Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2018
Еліміз бойынша күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Отан қорғауға аттанатын бозбалалар алдымен медициналық тексеруден өтіп, денсаулықтарының жарамдылығы туралы сыннан өткеннен кейін әскери бөлімдерге жөнелтіледі.
Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2018
Алматыда төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесі өтті
Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В.Ильиннің төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттар ұйымына мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің он бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.