Руханият • 21 Қыркүйек, 2020
"Абай жолы" видеожобасының бірінші томы аяқталды
Massaget.kz порталы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына doodle анимациялы видеосаммари дайындады. Видеожоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 21 Қыркүйек, 2020
Раушан Қабыкенова: Адамның денсаулығы өз қолында
Пациенттердің өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалай арттыруға болады? Дәрігерлер қалай олардың серіктесі бола алады? Созылмалы аурулары бар науқастар денсаулығы нашарлап, ауруы асқынған кезде өздеріне қалай көмектесе алады? Осы сұрақтардың барлығына Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының өңірлермен жұмыс бөлімінің басшысы Раушан Қабыкенова жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2020
Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі 500 млн теңге жымқырған ба?
Бұрынғы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2020
Алматы ХҚО-ларынан жұрт қуанып қайтады
Адамдардың көпшілігі алғаш жеке куәлігін, жүргізуші куәлігін немесе сәбилерінің алғашқы құжаттарын алған кездерін ешқашан ұмытпайды. Ал, олардың қуанышты сәттерінің куәсі – Халыққа қызмет көрсету орталықтары. Онда күн сайын Қазақстан Республикасының азаматы өз төлқұжатын алып, алғашқы жүргізуші куәлігін рәсімдеп, жаңа туған сәбиінің куәлігіне өтініш беріп жатады. Осындай сәттегі қуанышты бөлісіп, жан жылуын сыйлау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» жұмыстарына жаңа үрдіс енгізгенге ұқсайды. Өміріндегі маңызды жайттармен байланысты құжаттарын рәсімдеуге келген әр тұрғын бұл жерден көтеріңкі көңіл күймен шығып, сый-сияпаттарға ие болып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2020
Таразда тағы бірқатар нысандар салынады
Бүгінде екі мың жылдан астам тарихы бар көне Тараз шаһарын түрлендіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл орайда, тарихи қаланың сәулетін арттыру жұмыстарына М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік өңірлік университетінің студенттері де өз үлесін қосуда. Қазіргі кезде өңірдің жас сәулетші, мүсінші, дизайнерлері мен аталған жоғары оқу орнын бітіруші түлектер Жамбыл облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының "Сәулеттік бюро" мекемесінен тәжірбиеден өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.