"Ақпараттық жүйе құру үшін бөлінген 500 млн теңгеден астам қаражатты талан-таражға салу күдігіне ілінген бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты тергеу жалғасып жатыр. Сот санкциясымен ол тұтқынға алынды, тергеу жалғасып жатыр", деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің қамауға алынғанын растаған болатын. Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомствоның вице-министрі Олжас Әбішевтің қамауға алынуына қатысты пікір білдірді. Айта кетсек, Олжас Әбішев 2018 жылы Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған.