Басылым • 13 Қыркүйек, 2024
Бүгінгі шығармашыл жандар әлеуметтік желілерде белсенді келеді. Әрине, бұл смартфон қоғамында жазған-сызғаныңды насихаттауға да таптырмас құрал болып отырғаны рас. Десек те жылтылдаған әлеуметтік желілерден жырақ, оқырман көзінен тасада жүретін қаламгерлер бар. Өз тыныштығында жазуы жазылып жатады, кітабы таралып жатады.
Жәдігер • 13 Қыркүйек, 2024
Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейінде дауылпаз ақынның жазу мәшеңкесі сақталған. Бұл бағалы жәдігерді сол жылдардағы ел үкіметі қайраткерлік пен қаламгерлікті тең ұстаған айтулы тұлғаның шығармашылығына 20 жыл толуына орай сыйға тартқан.
Таным • 13 Қыркүйек, 2024
Бұл да Жаппар мұғалімнің әңгімесінен. Сол жылы қыстың ортасына дейін ауылға көмір жетпей қойды. Бұл осы салаға жауапты аудан, ұжымшар басшылығы кінәсінен бе, жоқ шойын жол мен көмір таситын тауар вагоны жүйесінің бір ақауынан ба – білмедік. Қарашаның қара суығы жетіп келді. Мектепте отын таусылған. Сонда майдангер директор Шәкіржан ағай ауыл ақсақалдары мен аға буынды шақырып, шұғыл мәслихат құрды. Шешім де тез шықты. «Жастау жігіттер мен жоғары сынып оқушылары таудан, тоғайдан отындық ағаш жинайды. Қызуы ұзақ қураған долана, жиде, кәтіреңке кесу – уәжіп!». Тапсырма – осы. Қысқасы, еңбек пен дене шынықтыру сабағы далада өтеді. Ата-анамыз аз-кем тамағымызды қалта-дорбамызға салып береді. Ең қызығы, ер мұғалім атаулы қарап тұрмай, өздері үлгі көрсетуі керек. «Көз – қорқақ, қол – батыр» дегендей, екі аптада тау-тау отын жиналды. Бұған бәріміз мәзбіз. Күзде ерте қас қараяды. Бортты машина келгенше ортаға от жағып, Жаппар ағайлардың әдемі әңгімесін тыңдаймыз.
Спорт • 13 Қыркүйек, 2024
Шерзод Давлатов чемпион атанды
Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан дзюдодан гран-при турнирінде Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Спорт • 13 Қыркүйек, 2024
Теңге ілуден Бақыт Төлтай Рахат Қамбаров пен Бекнұр Серіковтің жетістігін қайталап, алтыннан алқа тақты.