Жәдігер • Кеше

Сәкеннің жазу мәшеңкесі

35 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейінде дауылпаз ақынның жазу мәшеңкесі сақталған. Бұл бағалы жә­дігерді сол жылдардағы ел үкіметі қайраткерлік пен қалам­­герлікті тең ұстаған айтулы тұлғаның шығар­машылығына 20 жыл толуына орай сыйға тартқан.

Сәкеннің жазу мәшеңкесі

Бұл – Нью-Йорк қа­ла­­сындағы тарихи «Унд­ер­вудъ» фир­масының стандартты пор­тативті баспа мәшеңкесі. Бұл құралда зауыттың атауы, шығарылған күні анық жазылған. Жоғары жа­ғына сызғыш бекітіліп, пернетақтасында әріптер, сандар және тыныс бел­гілері көрсетілген. Бұл дү­ние Сә­кен ата­мызға тіке­лей тиесілі.

Ақын осы жазу мәшең­кесімен талай шығар­масын жаз­ған. Қайраткер ұсталып кеткеннен кейін оны жақын ағасы үйінде ұзақ жылдар бойы сақтап келген. 1988 жылы Ақмола қаласынан ардақты ақынның мұра­жайы ашылғанда соған тапсырған. Қазір көрнекті тұлғаның қолының табы қалған бұл жазу мәшеңкесі Сәкен Сейфуллин му­зейі­нің құнды экспонаты саналады.