Оқиға • 13 Қыркүйек, 2024
Діни алауыздық тудырған күдікті Ресейден елге қайтарылды
ҚР мен Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары өткізген бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде діни алауыздықты қоздырғаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейден қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бизнес • 13 Қыркүйек, 2024
Ойда жүрген бизнес-жобасын мемлекеттен қайтарымсыз грант алып үйлестірген кәсіпкер көп. Бұл қатарда қала тұрғындарынан ауылдықтардың үлесі басым болғаны қуантады. Биыл жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 8 941 грант берілсе, оның ішінде 5 769 грант ауыл тұрғындарына тиген.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2024
Су қоймалары қайта жаңғыртылады
Өңірдің су қоймалары көктемгі тасқынға төтеп бергенімен, жойқын су біраз нысанның қабағын жырып, қабырғасын сетінетіп кеткен. Мамандардың айтуынша, бүгінде қай нысанның да гидротехникалық құрылғылары тозыңқы жағдайда тұр. Қазір барлық су қоймаларының маңайында жоспарлы жөндеу, су тасқынының салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр. Ал келесі жылдан бастап ең маңызды деген үш нысанды түбегейлі қайта жаңғырту көзделіп отыр.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2024
Тіл – халықтың ең маңызды қазыналарының бірі. Жұртты жақындастыратын байланыс құралы, достық дәнекері. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қадыр Мырза-Әлі айтқандай, қанша тіл білсең де артық етпейді. Ең бастысы, мемлекеттік тіліңді меңгеру – құрметтің биігі.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2024
Көшеден тамақтануға көңіліңіз ауа ма?
Үйдегі үйреншікті дастарқаннан бас тартып, көшеден тамақтануға көңіл ауып тұратындар бар. Бір сәт бала-шағасын ертіп, мейрамханалатып қайтуды кім қолай көрмесін. Десе де әркім өз қалта-қарымына қарай көсіледі. Жұрттың бәрі бірдей қымбат мейрамханаға бармаса да, түрлі қоғамдық тамақтану орнына жиі бас сұғу мегаполис тұрғындары үшін қалыпты үрдіске айналғанын байқаймыз.