Оқиға • 13 Қыркүйек, 2024

Діни алауыздық тудырған күдікті Ресейден елге қайтарылды

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР мен Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары өткізген бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде діни алауыздықты қоздырғаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейден қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Діни алауыздық тудырған күдікті Ресейден елге қайтарылды

Фото: Видеодан алынған кадр

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті 2016-2017 жылдары Алматы қаласында бірнеше рет діни алауыздықты тудыруға, азаматтардың діни сезімдерін қорлауға және олардың дінге деген көзқарасы негізінде олардың эксклюзивтілігін, артықшылығын және кемістігін насихаттауға бағытталған әрекеттер жасаған.

«Бұл қылмыстың өзге де қатысушылары әртүрлі жауаптылыққа тартылды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды. Осыдан кейін, 2017 жылы ол Мәскеуде қарақшылық жасап, сотталған. Ресейде жазасын өтегеннен кейін аталған адам қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға қайтарылды», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта  тергеу изоляторына қамалған күдіктіге  бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.