Ипотека • 13 Қыркүйек, 2024
Ипотека: Өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
«Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша қосымша қабылдау жүргізіледі. Қосымша өтінім қабылдау 16 қыркүйекте басталып, 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Өтінімді «Баспана маркет» порталында беруге болады.
Несие • 13 Қыркүйек, 2024
Елдегі қаржы ұйымдарының табысы еселеніп, мерзімі өткен берешек көлемі артып жатыр. Тамыз айындағы есепке сүйенсек, екінші деңгейлі банк активінің жалпы жиынтығы – 56,8 трлн теңге, ал несие портфелі 32,5 трлн теңге деңгейінде тұр. Жыл басынан бері несие портфеліндегі төленбегеніне 90 күннен асқан берешек үлесі артып, 1 трлн теңгеге дейін өскен.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2024
Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздегі ең ұзын каналдар туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 13 Қыркүйек, 2024
Аманжан Жамалов: Экономиканың моделі өзгеруге тиіс
Биылғы Жолдаудың жүгі ауыр. Мемлекет басшысы бұл жолы негізінен экономикалық мәселелерді қозғады және кейбір бағыттар бойынша тығырыққа тіреліп тұрғанымызды меңзеді. Мәселен, Ұлттық қор қаражатын пайдалану, Салық кодексін жетілдіру, бюджет тапшылығын жою бойынша. Үкімет нендей стратегия қабылдап, қандай амал қолданса да жоғарыда аталған мәселелерді барлық тарапқа да тиімді етіп шеше алмай келеді. Осы ретте экономика ғылымдарының докторы Аманжан Жамаловқа көкейдегі толғағы жеткен сауалдарды қоюдың орайы келді.
Оқиға • 13 Қыркүйек, 2024
Алматы облысында жолаушылар автобусы көпірден құлап кеткен
12 қыркүйек күні Алматы облысы Қаскелеңге кіре беріс көпірде жолаушылар автобусы аударылып кетіп, шағын автобустың үстіне құлаған. Облыстық полиция жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.