Оқиға • 13 Қыркүйек, 2024

Алматы облысында жолаушылар автобусы көпірден құлап кеткен

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 қыркүйек күні Алматы облысы Қаскелеңге кіре беріс көпірде жолаушылар автобусы аударылып кетіп, шағын автобустың үстіне құлаған. Облыстық полиция жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысында жолаушылар автобусы көпірден құлап кеткен

Фото: іnstagram.com/kris__p__almaty

Алдын ала болжам бойынша 78-бағыттың жүргізушісі кері бағытқа бұрылу барысында рульге ие бола алмай қалып, қоршауды бұзып өтіп Ташкент тас жолында кетіп бара жатқан шағын автобустың үстіне құлаған. 

Ауыр соққыдан шағын автобустың артқы жағы жұлынып кеткен. Ал ішінде 7 жолаушы болған. 

Жолаушылар автобусы жүргізушісі жамбас сүйегі сынып жан сақтау бөліміне түскен. Шағын автобус жүргізушісі мен жолаушылар медициналық тексерістен кейін үйлеріне жіберілген. 

Облыстық полиция жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғады.

«12 қыркүйекте «Ютонг автобусының» жүргізушісі «Алматы-Бішкек» тас жолының 25-ші шақырымында келе жатып, кері бұрылу маневрін жасап, рульді басқара алмай, қоршауға соғылып, кейін құлап кеткені анықталды. Көпірден аударылғанда Mercedes Benz Sprinter көлігінің артқы жағына құлаған. Жол апаты кезінде автобус жүргізушісі ес-түссіз болған, зардап шеккендер жоқ», делінген Алматы облысы полиция департаментінің хабарламасында.