Кино • 08 Қыркүйек, 2017
Дулат Исабеков. Белестерге бет түзеген қазақ киносы
Әр ұлттың тек өзіне ғана тән ерекшелігі болатыны сияқты, оның әдебиеті мен мәдениетінің де өзгеге ұқсамайтын ерекшелігі бары ежелден белгілі қағида. Әр елдің өзіне тән түйсігі мен түсінігі, өзіне тән парасат деңгейі, дүниеге көзқарасы мен қабылдау қабілеті, оған философиялық, көркемдік деңгейде баға беру өлшемі де әр басқа. Бір елдің ұлттық мақтанышы боп бағаланатын өнер туындысы екінші елдің көрермендері үшін қатардағы шығарма немесе көркемдігі төмен дүние ретінде қабылданып жатады. «Орыс әдебиетінің шыңы» деп В.Г. Белинский бағалаған Н.В.Гогольдің, тіпті, «Пушкин для нас – все» деп орыс қауымы пір тұтатын А.С. Пушкиннің шығармалары батыс елдері үшін дәл біздегідей інжу-маржан боп бағаланбайды. Кино өнерінде де солай.
Экономика • 08 Қыркүйек, 2017
Қамбадағы түйір дән – ел ырысы бұйырған
Еліміздің астықты өңірлерінде егін орағы бел ортасына жетті. Мәселен, астық дақылдары жөніндегі жаңалықтарды жүйелі жеткізіп тұратын «ҚазақЗерно» ақпарат агенттігі сайтының осы аптадағы мәліметі бойынша Қостанай облысында астықты алқаптардың 51 пайызы, Солтүстік Қазақстан облысында 50,2 пайызы бастырылса, Ақмола облысында бұл көрсеткіш 46,6 пайызға жеткен.
Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2017
Ертең Астананың 40-қа жуық көшесінде жарық сөндіріледі
8 қыркүйек күні Астананың 40-қа жуық көшесінде электр жарығы сөндіріледі, деп хабарлайды әкімдік медиа-орталығы.
Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2017
«Астана марафон-2017» шарасына 3 мыңнан аса қатысушы тіркелді
Марафонға қатысу үшін ұйымдастырушылардың www.astana42k.com, сайтында онлайн тіркелуге болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2017
Абзал Нүкенов: «Атамекен» бағдарламасы жергілікті қоғамның мәселелерін шешуге септігін тигізеді
Қазіргі уақытта ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында «Атамекен» кіші бағдарламасын іске асыруға кірісті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрілігінің вице-министрі Абзал Нүкенов мәлімдеді.