Экономика • 06 Қыркүйек, 2018
Руханият • 06 Қыркүйек, 2018
Жер-дүниені дүр сілкіндіріп, талай жанның өмірін жалмап, талай отбасының бақытын ұрлаған Отан соғысы уақыт өлшемі бойынша бес жылға созылғанмен, оның қайғы-қасіретке толы ізі, мұңға толы әңгімелері мен ерлікке толы естеліктері өміршең, ол – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Қасіретін сезінгенде жүрек жабырқаса, ерлердің ерлігін айтқанда, көңіл мерейленіп шыға келеді.
Тарих • 06 Қыркүйек, 2018
Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданы, Хан ордасы ауылындағы Жәңгір хан сарайы – Қазақстан бойынша бүгінге дейін сақталған бірден-бір хан ордасы.
Әдебиет • 06 Қыркүйек, 2018
Әкім Тарази: Кейіпкерімнің сырты – өзі, іші – мен
«Көп жасағаннан емес, көп көргеннен сұра» дейтін. Ал көп жасап, көп көрген кісіге жолықсаң – қазына тапқаның. «Ауылыңда қартың болса, жиып қойған қазынаң» деген сөздің түбіне сондай қарттың сөзін тыңдағанда ғана жететіндейсің. Алдыңда қарайып ақсақалың жүрсе, бізге – жастарға сол да үлкен қорған, демеу екен ғой, расымен. Өткен күндердің, қазақ бастан кешкен тарихтың бағасын оп-оңай беріп, жан қинамай кесім айтып, шешім шығаратын жандардың «тауып айттым» дейтін сөздері тарих алдында да, адамзат алдында да үлкен қиянат екенін жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Таразидің әңгімесінен кейін аздап ұғынғандай боласың. Жазушының сөзі кең дүние, тар заман, адам – жұмбақ деген ұғымдардың түпсіз шүңетіне жетелей береді.