Президент • 06 Қыркүйек, 2019
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысының жұмысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде елімізді дамытуға және жаңғыртуға бағытталған бастамалар мен ұсыныстарды пысықтау ісіндегі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің рөлін атап өтті.
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2019
Б.Тілеухан: Бұл – ел тарихындағы демократиялық қадам (видео)
Мемлекет басшысының алдында толғақты, елдің, бұқараның көкейінде жүрген нәрселердің бәрін айтуға мүмкіндіктің болуы - бұл шындығында ел тарихындағы демократиялық қадам деп есептейміз. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан Кеңес отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2019
Энергетикалық агенттік: Қазақстан әлемде ең көп энергия тұтынатын елдердің бірі
Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметі бойынша, Қазақстан экономикасы әлемдегі ең көп энергияны қажетсінетін елдердің бірі болып қалуда. Бүгінгі таңда біздің еліміз 147 елдің ішінде 119-орында тұр және ЭЫДҰ елдерінің орташа деңгейінен 3,5 есе жоғары (2010 жылғы бағамен мың долларға 0,12 тонна мұнай баламасы). Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2019
Алматы облысы елордада өтетін жәрмеңкеге 330 тоннадан астам өнім әкеледі
Нұр-Сұлтанда қыркүйектің 7-8 күндері өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Алматы облысының шаруалары 330,9 тонна өнім әкеледі деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2019
Елімізде төрт айда 2743 көп балалы отбасына үй берілген
Қазақстанда ағымдағы жылдың мамыр айынан қыркүйек айына дейін барлық қаржыландыру көздерінен 2743 көп балалы отбасы жалға берілетін тұрғын үйдің кілтін алды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.