Қоғам • 05 Қыркүйек, 2019
Қазақстанда еңбек заңнамасын бұзу фактілері бойынша 79 қылмыстық іс қозғалды
Мемлекеттік еңбек инспекторлары ағымдағы жылдың 7 айында 5,5 мың кәсіпорындарға тексеру жүргізді, оның барысында 7,9 мың еңбек заңнамасын бұзушылық анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша 79 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елорданың жекелеген кәсіпорындарындағы еңбек қатынастарының проблемалық мәселелеріне арналған кеңес барысында мәлімдеді.
Спорт • 05 Қыркүйек, 2019
Әскери спортшылар әлем чемпионатына аттанады
Қорғаныс министрлігінің әскери спортшылары Ресейде 20-шы мәрте өткелі отырған бокстан әлем чемпионатына қатысады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2019
Құрлық әскерлерінің Әскери институтында жана оқу жылы басталды
Құрлық әскерлерінің Әскери институтына биылғы оқу жылында 800 талапкерден 280-і озық шығып, жас курсанттар оқуға кірісіп кетті. Институттың Баспасөз қызметінің маманы Аида Бектұрованың айтуынша, құрлық әскерлерінің жоғары мамандандырылған офицерлерін дайындауға маманданған оқу орнында жоғары әскери кәсіпқой білім беру бағдарламасы бойынша 11 мамандық бойынша офицерлер дайындалады.
Тағайындау • 05 Қыркүйек, 2019
Нұрмұхамед Байғара «Айқын» газетінің бас редакторы болып тағайындалды
«Egemen Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарған әріптесіміз, белгілі журналист Нұрмұхамед Байғара бүгін «Айқын» газетіне бас редактор болып тағайындалды. Nur Otan партиясының хатшысы Әлібек Әлденей газет ұжымына бас редакторды таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Президент • 05 Қыркүйек, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті
Кездесу барысында Вагит Алекперов Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Қазақстандағы жүзеге асырып жатқан жобалары туралы айтты. Олар мұнай-газ саласындағы өзара ықпалдастықтың келешегін талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.