Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2019

Құрлық әскерлерінің Әскери институтында жана оқу жылы басталды

735 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Құрлық әскерлерінің Әскери институтына биылғы оқу жылында 800 талапкерден 280-і озық шығып,  жас курсанттар оқуға кірісіп кетті. Институттың Баспасөз қызметінің маманы Аида Бектұрованың айтуынша, құрлық әскерлерінің жоғары мамандандырылған офицерлерін дайындауға маманданған оқу орнында жоғары әскери кәсіпқой білім беру бағдарламасы бойынша 11 мамандық бойынша офицерлер дайындалады.

Құрлық әскерлерінің Әскери институтында  жана оқу жылы басталды

Институт тарихына аз-кем тоқталып өтер болсақ, институттың Баспасөз қызметінің деректері бойынша Коллективті қауіпсіздік келісімі ұйымы Қорғаныс Министрлері Кеңесінің 2005 жылдың 30 қарашасы шешіміне сәйкес Құрлық әскерлерінің Әскери институты  Коллективті қауіпсіздік келісімі ұйымы мүше-мемлекеттерінің Қарулы Күштеріне әскери кадрларды бірігін дайындайтын оқу орындардың Тізіміне қосылған әрі әкери жоғары оқу орынында профессорлық-оқытушылар мен  жоғары білікті мамандардан құралған ұжым жұмыс жасайды. Білім ошағында заманауи оқу-материалдық база, әртүрлі техникалық оқыту құралдары бар. Институттің лекциялық аудиториялары, кабинеттері және класстары ғылым мен техниканың заманауи даму деңгейінде әскери мамандарды дайындауға керектінің барлығымен жабдықталған. Оқу үдірісінде оқытудың заманауи техникалық құралдары компьютерлік және есептеу аппараттарын пайдаланумен кеңінен қолданылады.     

Институтта физикалық тәрбиеге үлкен көңіл бөлінеді. Физикалық дайындық – әскери оқыту және тәрбиенің маңызды бөлігі. Ол әскери қызметшілердің қару-жарақпен және жауынгерлік техникамен иемденуге, оларды ұрыста сапалы қолдануға, физикалық ауырлықтарды оңтайлы көтеруге, жауынгерлік істің жүйке-психикалық қысымдары мен икемсіз жағымсыз факторларына физикалық дайындығын қамтамасыз етеді. Бұл мақсатта бай материалдық база қарастырылған: арнайыланған залдарымен әдемі спорттық комплексі (гимнастика, ауыр атлетика, қоянқолтық ұрыс, спорт ойындары, жүзу бассейні және т.б.), стадион және басқа да спорттық құрал-жабдықтар. Спорттың әр-түрлі түрлерінен әрдайым спорттық секциялар қызмет істейді.  Кәсіби тәсілдерді жақсартумен қатар институтта курсанттардың демалысын ұйымдастыру қарастырылуда – көркем-өнер ісі, бос уақытта қатысу бөлімдері (хореографиялық билеу, ұлттық аспаптар, вокалды-аспаптық ансамбль) жұмыс істейді. 

Институт басшылығы курсанттардың мәдени деңгейіне ерекше көңіл бөледі. Курсанттардың дұрыс өмірі мен оқуы үшін жақсы әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасалған.

Әскери оқу орнының пайда болуынан бастап өмірге жолын 17 мың шамасында мамандар бастауын алды, олардың 400-ден астам түлектері өзінің әскери міндетін Афганистанда және басқа да ыстық аймақтарда атқарған, Тәжікстан мен Ирактағы бейбітшілік операцияларына қатысқан, сол үшін жоғары үкіметтік наградтарға ие болған.  Көрсеткен жігерліктері мен батыр сапасы үшін үш офицерлер: А.Е. Шахворостов (қайтыс болғаннан кейін), Н.М Акрамов. және С.Н. Гущин Кеңес одағының Батыры шеніне ие болса, лейтенант Олег Чивильевтың атымен Көгершін жұлдыз торындағы ғалымдармен ашылған жұлдыз аталды. 2008 жылы институт түлегі, генерал-лейтенант Б.Е.Ертаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді. Институттың қазіргі курсанттары, командирлер мен оқытушылардың шегі заңды түрде өздерінің алдағы үлгілі офицерлерінің салттары мен ерең еңбектерін мақтан тұтады.

Соңғы жаңалықтар