Энергетика • 07 Қыркүйек, 2024
Энергетикалық тәуелділіктен арылу қажет
Өндіріс қуаты өскен сайын энергияға сұраныс арта бермек. Ел аумағындағы энергия өндіретін ірілі-ұсақ 222 стансаның қуат көзі қажетті сұранысты толық қамтуға қауқарсыз. Осылай деген Алматы қаласы кәсіподақтар орталығының мүшелері Президент Жолдауында айтылған бірқатар мәселені талқылап, атом энергия стансасын салудың өзектілігі жайлы өз ойларын ортаға салды.
Пікір • 07 Қыркүйек, 2024
Қағаздағы жобаға қашанғы телміреміз?
Президент Жолдауда мұнай және газ саласындағы бірқатар түйткілді мәселені көтерді. «Орта Азия – Орталық» магистральді газ құбырының елімізге тиесілі 800 шақырымнан астам бөлігін жаңғырту жұмысы өте қысқа мерзімде аяқталды деп мәлімдеді. Жобаның жедел бітуінің себебі – Өзбекстанның газға деген мұқтаждығы. 2022 жылға дейін газды экспорттап келген ел 2022 жылдан бастап Ресейден импорттай бастады. Сол үшін Өзбекстаннан Ресейге газ жөнелтетін құбырға реверс жасап, газ Ресейден Өзбекстанға келетіндей етіп істелді.
Спорт • 06 Қыркүйек, 2024
Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі жалғасуда
6 қыркүйек Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7:00-де 11 команда Ақмола облысының Жалтыр елді-мекенінің маңынан жорықты бастап, Ақмола облысының аумағындағы Тоғанас ауылында аяқтады.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2024
Су тасқыны: Ақтөбеде 51 отбасыға баспана берілді
Президент тапсырмасымен Ақтөбе облысында тасқын зардабын тартқан отбасыларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Осы орайда Ырғыз ауданы орталығы – Ырғызда бүгін 51 үй қолданысқа берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2024
Биыл көлік полицейлері 64 мыңға жуық құқық бұзушылықты тіркеген
Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.