Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2022
Әділетті Қазақстан инклюзивті институттардан басталады
«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам». Инклюзивті сипатты айқындайтын ізгі ұғымдар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауының атауы мен мазмұнынан адам арманын іске асыруға жетелейтін осы асыл мұратты көрдік. Бұл – қоғамды қуантатын қағидаттар.
Экономика • 04 Қыркүйек, 2022
Агросақтандыру сыйақысын субсидиялау артады
Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығындағы өзгерістерге сәйкес, аграрлық секторда сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін субсидиялау нормативі 50 пайыздан 80 пайызға дейін артады. Бұл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін сақтандыру полисінің құнын төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ агросақтандыруды одан да қолжетімді ете түседі.
Дағдарыс • 04 Қыркүйек, 2022
Автодағдарыс қалай әсер етеді?
Ресейде жеңіл автомобиль өндірісі бірінші жартыжылдықта үш есе қысқарған, ал сатылым екі есе төмендеп кеткен. Соңғы жылдары отандық жеңіл автокөлік импортындағы Ресей үлесі 40 пайызды құрап келген еді. Биыл алғашқы алты айда Ресейде жеңіл автомобиль өндірісі 2021 жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда 61,8 пайызға, 279,2 мың көлікке дейін қысқарған. Ресейлік маркалардың өндірісі – 66,1, шетелдік маркалар 59,9 пайызға төмендеген.
Экология • 04 Қыркүйек, 2022
Су ресурстарын қорғауды көздейді
Қазақстан Республикасының Су кодексі жобасы тұжырымдамасы жобасының жаңа редакциясы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы тұжырымдамасының жобасы бойынша қоғамдық талқылау өтті.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2022
Табыстан айырған жол белгісін орнатқан кім?
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасына «Рахат – Шымкент», «ДАНИ-НАН», «Алтын дән», «Эхз №1» және «Реннисан» ЖШС өкілдері шағымын арқалап барды.