Тұлға • 26 Қыркүйек, 2023
«Алатау мен Қаратау түйіскен төр, мөлдірлік пен сұлулық сүйіскен жер» дейтін, бір таудың екіншісіне ұласатын аумақтағы Мархабат көкемнің Пістелі ауылына келе жатырмыз. Көкем Бозторғай асуының аузында дүниеге келгенмін дейтін. Асудың ішінде бозторғайлар кәдімгі жусанның, бетеге, шытыр, ерменнің түбіне ұя салатынын айтатын. Түркібасы төбесін таныдық, Жанымайдың жотасын жорамалдадық. Көкем жазған. Пістеліге апарар жол бойындағы Азаттықтағы қорымнан бозторғайдың шырылы естілгендей болды. Тыныштықты ерекше сүйетін құс та іздегенін көкемнің мәрмар тастан қашалып қабірінің басына қойылған кітаптан тапты ма екен? Қорымға аялдап, анасының қасына жерленген Мархабат көкеме арнап құран бағыштадық...
Басылым • 26 Қыркүйек, 2023
Астанадағы ұлттық академиялық кітапханада Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда «Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының қолдауымен шыққан кітапқа байланысты мәслихатты Сенат депутаты, белгілі журналист Нұртөре Жүсіп жүргізді.
Тұлға • 26 Қыркүйек, 2023
«Қазақ газеттері» ЖШС ұжымы Тоқтар Әубәкіровпен кездесті
2 қазан Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан күні қарсаңында қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер «Қазақ газеттері» ЖШС ұжымымен кездесті. Басқосуға мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов, белгілі хирург, профессор Серік Тоқпанов, «Ер Тоқтар» кітабының авторы, белгілі журналист Талғат Сүйінбай қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 26 Қыркүйек, 2023
Әліхан төре және замана шындығы
Екі нәрсе барлық тілде жатталар: Бірі – жақсы, бірі – жаман ат болар. Жақсы болсаң, мақтаулы атың сақталар, Жаман болсаң, жаман атың датталар. Жүсіп Баласағұн
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2023
«Алматы жылу желілері» ЖШС қалада жылу беру маусымы қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.