Өнер • 26 Қыркүйек, 2023
«...Жаз өмірін,мәз өмірін қысқартып,Бара жатыр,бара жатыр құс қайтып...»Нұрғиса Тілендиев көзі тірісінде концертінің бәрін осы әнмен аяқтайды екен. Халқы композитордың аманатын орындап, жанына жақын тартқан дәл осы әнмен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында атақты перзентін ақтық сапарға шығарып салғаны әлі есімізде. Көрермен қауым тағы да филармонияда «Құстар қайтып барадыны» бірге шырқап, композитор рухына тағзым етті.
Мәдениет • 26 Қыркүйек, 2023
Биыл сахна саңлағы Бикен Римованың туғанына жүз жыл толды. «Сегіз қырлы, бір сырлы» талғамы биік талант иесінің мерейлі мерекесі ел көлемінде атап тойланып жатыр. Бүкіл қазақ театрының мақтанышына айналған, мәдениет пен өнердің жарық жұлдызы болған Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бикен Ырымқызы – өзінің актерлік шеберлігімен ғана емес, драматург, коюшы режиссер ретінде де көптің құрметін иеленген айтулы тұлға.
Руханият • 26 Қыркүйек, 2023
Тоқтар ӘУБӘКІРОВ: Қазақ – намыстан жаралған халық
Тарихты жасайтын тұлғалар бар. Қазақ қазақ болғалы киелі топырақтан түлеп ұшқан талай тарланның тарихты таңғажайып бағытқа өзгерткеніне де уақыт-ағзам куә. Ел егемендігі туралы ой қозғалса сөзсіз Тоқтар Әубәкіров есімінің аталуы бүгінде заңдылықтай қабылданады. Өйткені Тоқтар – қазақтың айбыны, ұлтымыздың мақтанышы! Кеше газет редакциясында ұлт ұғымына айналған даңқты тұлғамен тағылымды кездесу болып, тұңғыш ғарышкер туралы жазылған журналист Талғат Сүйінбайдың екінші кітабының таныстырылымы өтті.
Өнер • 26 Қыркүйек, 2023
Димаш арқылы Қазақстанды таниды
ХІХ Азия ойындарындағы спортшылардың нәтижесіне көңіліміз толмай, үнжырғамыз түсіп жүргенде Ханчжоуда журналистерге жолды көрсетіп жүрген волонтерлер, қонақ болып келген қытайлықтар бізге Димаш Құдайбергенді танитындарын айтып, қуантып тастады.
Олимпиада • 26 Қыркүйек, 2023
Алаш жұрты ақжолтай хабарды асыға күтіп отыр
Ханчжоудағы дүбірлі доданың үшінші күнінен де тым үмітсіз емес едік. Бұл күні 31 медаль жиынтығы сарапқа салынса, Қазақстан спортшылары 18 спорт түрінен бақ сынады. Кеше спортшыларымыз 1 күміс және 3 қола медаль еншілеп, медальдар жиынтығын көбейтіп жатқанымызда, Қырғызстан мен Тәжікстан алғашқы алтынды жеңіп алды. Алтынның ауылы алыстаған сайын уайымда күшейе бастады. Дегенмен, додада жүрген мамандар алтын алатын спортшыларымыз әлі көп деп отыр.