ЭКСПО-2017 • 24 Қыркүйек, 2017
«ЭКСПО-2017» кезіндегі үздік жобалар өндіріске енгізілмек
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмеде таныстырылған инновациялық технологиялардың ішінен үздік 105 жоба іріктеліп, соның 40-тан астамын бірқатар мемлекеттік және атқарушы органдар іске асыруға кірісті. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.
Жеңіл атлетика • 24 Қыркүйек, 2017
Autumn Classic International турнирінде Э.Тұрсынбаева қола алды
Канаданың Торонто қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан Autumn Classic International турнирі мәресіне жетті. Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева турнирде қола медальға ие болды. Бұл туралы Элизабеттің әкесі фейсбук парақшасына жазды.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2017
Көкпекті ауданында Уақ Бармақ батырға ескерткіш қойылды
Нағыз рухани жаңғыру, ұлттық кодты сақтау деген осы шығар. Көкпекті ауданында осыдан 260 жыл бұрын жоңғарлармен шайқаста ерлікпен қаза тапқан, қазақтың Қабанбай, Бөгенбай сынды хас батырларының сенімді серігі болған, заманында батылдығымен, батырлығымен ғана емес, көріпкелдігімен де ерекше көзге түскен Уақ Бармақ батырдың есімін ұлықтау мақсатында бірқатар тағылымды шаралар ұйымдастырылды. Батырдың Ақтөбе, Қостанай облыстарында тұратын ұрпақтары баба рухына тағзым жасап, кесенесіне құлпытас қойып, ескерткіш орнатты.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2017
ШҚО-да «Біз нашақорлыққа қарсымыз» атты акция өтті
Қалалық спорт бөлімі мен ШҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы ұйымдастырған жарысқа 16 команда қатысты.
Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2017
Болгариядағы сурет көрмесінде павлодарлық оқушылардың жұмысы үздік атанды
Болгарияда Еуропа, Латын Америка, Азияның 36 мемлекетінен 3000-нан астам өнерпаз жиналған «Нова Загор - 2017» көрмесі өтті. 4 - 20 жас аралығындағы суретшілер қатысқан XIX Мемлекеттік жастар көрмесіне Павлодар қаласының № 2 Балалар көркемсурет мектебінен 15 оқушының жұмысы жіберілген болатын, деп хабарлайды қалалық білім беру бөлімі.