Қаржы • 25 Қыркүйек, 2024
Қайтарылған активтер қалай реттеледі?
Еліміздің заңына сәйкес мемлекетке қайтарылған активтерді басқару міндетін Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания (жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып, жалға береді) және Арнаулы мемлекеттік қор (Қаржы министрлігінде ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты) жүзеге асырады.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2024
Уақытында меншігіне алып, игеруге икемі келмегендер мыңдаған гектар жерді қаншама жыл уысында ұстап отырды. «Маған да, саған да жоқ» деп ұлан-ғайыр алқапты заңсыз иеленіп келгендердің дәурені өткен секілді. Президент тапсырмасы аясында бірнеше жыл бойы жұмыс істеген комиссия мыңдаған гектар алқапты мемлекет мүддесі үшін кері қайтарып алды. Бұл жұмыс ілкі сәтке де тоқтамақ емес.
Алматы • 25 Қыркүйек, 2024
Алматыда газ инфрақұрылымының құрылысы аяқталды
24 қыркүйекте «Алматы-Байсерке-Талғар» магистралды газ құбыры екінші тармағының құрылысы аяқталды. Іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ ҰӘҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі Талғат Малыбаев және «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов қатысты.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2024
АЭС салуды қолдау жөніндегі Халық штабы Талғар ауданындағы картон өндіруші «Nur kagazy» ЖШС ұжымымен кездесті. Жиында атом энергетикасының ел экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздікке тигізер ықпалы талқыланды. Халық штабы мүшесі Ләззат Тұрлашов атом электр стансасын салудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол атом энергетикасының болашақ үшін стратегиялық маңызы бар екенін, сондай-ақ бұл шешім елді энергетикалық тәуелсіздікке бастайтынын айтты.
Пікір • 25 Қыркүйек, 2024
Тапшылықты жоюдың бірегей тетігі
Ресей, АҚШ, Ұлыбритания және Оңтүстік Кореяда оқып, білімімді жетілдіріп жүріп байқағаным – бізде техникалық кадр тапшылығы қатты байқалады. Бұл ойым қазір қоғамды толғандырып тұрған атом электр стансасы құрылысы тақырыбымен де сабақтасып жатыр. Олай дейтінім – елде атом энергетикасын қолдану ең бірінші кезекте білікті мамандардың көмегімен ғана жүзеге асырылады. Олардың басым бөлігі, әрине, өзіміздің мамандар болуы керек.