Ақтөбеде «Еңбек күні» аталып өтті
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы 22 қарашадағы Жарлығы бойынша қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» деп белгіленді. Атаулы мерекеге орай, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері ұйымдастыруымен жастарға отбасылық еңбек құндылықтарды жеткізе отырып, еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Еңбек – жалпыға ортақ құндылық» тақырыбында кездесу кеші өтті.
Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2017
«Балбөбек» X фестиваліне қатысуға өтініш қабылдау басталды
29 қазанда «Жастар» сарайында «Балбөбек» балалар шығармашылығының қалалық ашық фестивалінің шымылдығы түріледі. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен елордада он екінші рет өткелі жатқан байқауға қатысуға өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2017
Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады
Республика аумағында 2017 жылдың 01 маусым – 30 қазан аралығында жүргізіліп жатырған «Көкнар» жедел-профилактикалық шарасы барысында қызылордалық полицейлер марихуана есірткі құралын заңсыз сақтаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2017
Алматы облысы, Сарқан ауданы, Бірлік ауылы діни мерекелер мен жұма намазын Сарқанға барып өтейтін. Себебі, ауылда мешіт жоқ. Қабырғаға бататын-ақ жағдай. Соңғы күндер – бірліктіктер үшін бұл мәселенің шешімін табуымен есте қалғаны даусыз. Енді бұл ауылда мешіт бар! «Береке-Бірлік» мешітінің іргетасын қалап, айшығын қадап, мұнарасын тіктеген – ауыл азаматтары.
Бесқарағайдағы айтыстың бас жүлдесі - Саягүл Бірлесбекте
Бесқарағай ауданында Нұрлыбек Баймұратовтың 130 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық айтыстың жүлдегерлерінің есімі болды.