Оған Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші - қон Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Қ.М.Өтемұратов; Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығының маманы Ә.А.Жолмұратова; Үздік еңбек әулеті - Кучербаевтар отбасы қатысты.
Шарада Қ.М. Өтемұратов жастарға халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайы туралы айқындап, еңбекті қорғау, еңбекті кұрметтеуге тәрбиелеу керектігіне тоқталды. Ә.А.Жолмұратова орталықтың қызметін, «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында «Жастар тәжірибесі» өз бетімен өмірге аяқ басқан жасұрпаққа қатысты мемлекеттік бағдарламалар жөніңде толығырақ айтып етті.
Сондай-ақ, еңбек әулетінің бір өкілі, төрт ұрпағы теміржол қызметті жалғастырған, еңбек саласында елеулі із қалдырған, өз сүйген мамандықтарына балаларын баули білген Үздік еңбек әулеті - Юрий Сисенғалиұлы мен Ақжида Адекқызы Кучербаевтар өз отбасыңыздағы ұрпақ сабақтастығы, еңбек жолында болған қиын және қызықты кезендер туралы сөз етіп, ерінбей еңбектенудің арқасында ғана жетістікке жетуге болатынын жастарға айтып, болашақ мамандарды білімдерін шыңдауда аянбай еңбек етуге шақырды.
Қазақ–Орыс Халықаралық университетінің 1 курс студенті Қоғабаева Ажар және Қазақ гуманитарлық заң университеті колледжінің 2 курс студенті Ибраев Ернар қонақтарға ән шашуларын тартты. Студент жастары сауалдар қойып, тұшымды жауаптар алды. Сонымен қатар, «Еңбек ер атандырады» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд көрсетілді.
С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасының
мерзімді басылымдар бөлімшесінің
меңгерушісі
Лиза ҚАРАҒОЙШИНА