Әлем • 24 Қыркүйек, 2018
Илон Масктың SpaceX компаниясы алғашқы жолаушының есімін жариялады
2023 жылға жоспарланған саяхатқа аттанатын жолаушы 42 жасар жапондық миллиардер Юсаку Маэзава.
Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2018
Өзен арнасын бекіту – кезек күттірмейтін мәселе
Жамбыл облысында пайдаланатын ағын су ресурстарының 80 проценті көршілес Қырғыз Республикасының аумағынан басталып, трансшекаралық өзендер арқылы берілетіні белгілі. Соңғы жылдары Қырғыз Республикасының «Кировское» су қоймасынан Жамбыл облысы Талас өзеніне құятын су көлемі белгіленген мөлшерден көп жіберілуі салдарынан арақашықтықта өзен арнасы едәуір шайылып, жақын маңдағы елді мекендерге су жайылу қаупі туындауда.
Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2018
Медициналық көмек сапасы артады
Өткен аптаның соңында Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваның қатысуымен палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.
Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2018
Атты әскер дивизиясының тағдыры
Ақмола қаласының тарихында кеңестік дәуірде бірқатар елеулі оқиғалардың болғаны белгілі. Оның қатарында қанқұйлы ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде Ақмола жұртшылығының майданға бірнеше әскери құрамаларды жасақтап аттандыруын ерекше атап өтуге болады. Мысалы, 1941 жылы жаз айында Ақмолада құрылған 310-атқыштар дивизиясы Ленинград, Волхов майдандарына қатысып, асқан ерлікпен жеңісті Балтық теңізі жағалауында қарсы алды. Сол сияқты Петропавл-Қызылжар қаласында жасақталған 314-атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ерлігін атап өтуге болады. Олардың қырық проценті Ақмола облысының азаматтарынан жасақталған болатын. Ал 1941 жылы күзде Ақмолада құрылған 387-атқыштар дивизиясы жауынгерлік жолдан өтіп, соғыс тарихында ерекше із қалдырды.
Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2018
Біз нағыз батырларды көрген бақытты ұрпақпыз. Ел қорғау жолында жанқиярлық танытқан ерлер туралы естеліктер біз үшін қашан да қастерлі. Олар отансүйгіштікке, ұлылыққа шақырады, сенімнің самғауына бастайды, тұнжыраған көңілді рухтандырады. Осындай болмысы батырлықпен һәм ұлылықпен тұтасқан тұлғаның бірі Қасым Қайсенов болатын. Көзі тірі болғанда, Қасым ата бұл күндері халқымен бірге жүз жылдығын мерейлене тойлап жатар еді-ау.