Әлем • 24 Қыркүйек, 2018

Илон Масктың SpaceX компаниясы алғашқы жолаушының есімін жариялады

60 реткөрсетілді

2023 жылға жоспарланған саяхатқа аттанатын жолаушы 42 жасар жапондық миллиардер Юсаку Маэзава. 

Айға сапар шегетін алғашқы туристің атын SpaceX-тің Колифорниядағы штаб-пәтерінде жариялады. Оған дейін Илон мырза өз твиттер парақшасында алғашқы туристтің Жапондық екенін айтып өткен болатын.

Бұл 1972 жылдан бергі адам жасаған алғашқы айға саяхат болмақ. Дегенмен, барлығы әлі аяқталмаған зымыранға байланысты. Илон Масктың өзі де зымыранды саяхатқа дейін нақты құрап болатынына сенімді емесін де білдірген болатын.

Ұшырылу системасы 2016 жылы танытылған Big Falcon Rocket (BFR) зымыраны адамзаттың ғарышқа сапарына жол ашатын тарихтағы маңызды қадам болмақ.

Осыған дейін айға 24 американдық сапар шеккен. Олардың 12-сі ай бетіне қонған, алайда бұл жолғы сапар ай бетіне емес еркін траекториядағы сапар болмақ. Жапондық миллиардер өзімен бірге 6 суретшіні де ала кететінін, олардың қайтып келгендегі туындылары басқаларын да тылсым мекенге саяхатқа шабыттандырғанын қалайтынын айтты.

Дайындаған: Светлана Кужакулова

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда екі зауыт салынады

Аймақтар • Бүгін, 10:03

Ұқсас жаңалықтар