Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2021
Жарылыс болған қоймаға жауаптылардың аты аталды
Инженерлік оқ-дәрілер қоймасынан өрт шыққан әскери бөлім «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрамына кіреді. 2016 жылдан бастап 2021 жылдың мамыр айына дейін әскери бөлімнің командирі Серік Байсақалов болған. Қорғаныс министрінің бұйрығымен подполковник Серік Байсақалов 48 жасқа толғанда Қарулы Күштердің қатарынан запасқа шығарылды. Ал нақты Байсақалов 2021 жылдың 29 шілдесінде бөлімнің тізімінен алынды, деп жазады Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Театр • 02 Қыркүйек, 2021
«Домалақ ана» операсы сахналанады
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Шымкент қалалық опера және балет театрының ұжымы 2-3 қыркүйек күндері «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры сахнасында Тасқын Жармұхаметтің «Домалақ ана» операсын көрермен назарына ұсынады.
Тарих • 02 Қыркүйек, 2021
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен қолға алынған «Нұра-Есіл өзендері аралығының мәдени генезисін қалыптастырудағы палеогеографиялық фактор: үй құрылысының ерекшеліктері және оның эволюциясы» атты археологиялық барлау жұмысы аясында қызмет атқарған археологтер жақында елорда іргесінен ХVIII ғасырға тән қазақ қыстауының орнын тапты.
Руханият • 02 Қыркүйек, 2021
Телевизиялық бағдарламаға түсті
Таяуда Қырғыз елінің астанасы Бішкекте қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен «Қыз-жігіт. Сармерден» атты телевизия форматындағы бағдарламаның түсірілімі өтті.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2021
Теңізшілер фермерлерге көмек көрсетті
Биылғы жыл Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы үшін оңайға соқпады. Облыстағы құрғақшылықтың жалғасуына байланысты мал азығы жетіспеушілігі орын алып, ауыл шаруашылығы қатты зардап шегуде.