Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2021

Теңізшілер фермерлерге көмек көрсетті

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жыл Маңғыстау облы­сы­­ның ауыл шаруашылығы үшін оңай­ға соқпады. Облыстағы құрғақ­шы­лықтың жалғасуына байланысты мал азығы жетіспеушілігі орын алып, ауыл шаруашылығы қатты зардап шегуде.

Теңізшілер фермерлерге көмек көрсетті

Осы жағдайдан хабардар болған «Қаз­МұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компания­сы «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ұжы­мы үнсіз қалмай, бірауыздан облыс фермер­ле­рі­не көмек көрсету туралы шешім қабыл­дады.

Айта кету керек, бұған дейін де Ұлттық теңіз тасымалдаушысы қызметкерлері қиын жағдайға тап болған азаматтарға бірнеше рет көмек көрсеткен еді. Бұл жолы компания Маңғыстау облысының ауылдарына мал азығын сатып алу мен жеткізу үшін ерікті қаражат жинау туралы мейірімділік акциясын ұйымдастырды. Сонымен, акция аясында ҚТКФ қызметкерлері аймақтағы фермерлерге көмектесу үшін 3 млн теңгеге жуық қаражат жинады.

ҚТКФ ұйымшыл ұжымының үйлесімді жұмы­сының нәтижесінде Батыс Қазақстан облы­сының ауыл шаруашылығы қыз­меткерлерімен келісімге қол жетті. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының «AVANGARD» ЖШС аграрлық компа­ниясының қолдауымен Маңғыстау облы­сының Шетпе ауылына төрт автопойызбен қажетті пішен жеткізіліп, одан әрі фермерлерге таратылуы үшін аудан әкімдігіне табысталды.

 

«Егемен-ақпарат»