Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017
Белгілі қоғам қайраткері, Қуаныш Айтахановтың таяуда екі бірдей кітабы «Фолиант» баспасынан жарық көрді. Сергек азаматтың бұл құнды дүниелерін парақтап отырғанда ел дамуындағы елеулі кезеңдерге қанық болдық. Бірінші кітап, «Өмір белестері» деп аталады. Ғұмырнамалық сұхбатты жүргізген журналист, филология ғылымдарының кандидаты Орынбек Жолдыбай екенін еске сала кетелік.
Әдебиет • 22 Қыркүйек, 2017
«От ауыз, орақ тілді» қаламгер Жұматай Сабыржанұлы бар жоғы 55 жасында өмірден өтті. Ел газеті «Егемен Қазақстан» 2002 жылғы 19 қарашадағы санында былай жазыпты: «Қазақ журналистикасының бірегей бітімді, өзгеше тағдырлы тұлғасы Жұматайдың өлмес рухы қазақ сатирасының сарбаздары саңқылдаған қия шептен, оқырмандарының жалқын жүрегінен ешқашан ажырамақ емес. Оның әр сөзін қашап, мінсіз мүсін күйіне жеткізген мағынасы терең сөйлемдері әр кеуденің күмбір қоңырауын қаға береді. Соңына қалдырып кеткен үш кітабы ғұмырлы болып қала беретініне қаламгердің көзі тірісінде-ақ әркімнің көңілі сеніп үлгерген. Уытты әжуамен өріліп, тасқа қашалғандай жүрек таңбалары уақыт демімен келер күндерге қызмет етпек. Оның әсіресе ана тілінің тағдыры үшін бел шешіп күрескен табанды жігері, бұлжымас көзқарасы, мәрт мінезі әрқайсымыздың жадымыздан өшпесі анық». Жұматай Сабыржанұлы биыл 70-ке толар еді. Қаламгер туралы жазылған естелікті оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017
МӘМС-тің мән-жайы түсіндірілді
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдары үшін кедергілерді төмендету мәселесін қайта реттеуге байланысты өткен жиында реформаның қазіргі аяқ алысы туралы әңгімеледі. Басқосуға Қоғамдық кеңес мүшелері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, медициналық оқу орындар, ғылыми-зерттеу институттары, денсаулық сақтау басқармалары және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ өкілдері қатысты.
Әдебиет • 22 Қыркүйек, 2017
Әдебиет • 22 Қыркүйек, 2017
Өз басым қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» атты тамаша повесін оқыған кісі Ыстықкөлді қалай да бір көруді армандайтын болар деп ойлаймын...