Парламент • 19 Қыркүйек, 2017
Сенаторлар Жаяу әскерлер институтында және Шекара қызметінің академиясында болды
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары еліміздің Қорғаныс министрлігі Жаяу әскерлер әскери институтында, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің академиясында болып, курсанттармен және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті. Сенаторлар курсанттардың жауынгерлік және жедел даярлығының жоғары деңгейін атап өтті.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2017
Атырау облысының жұртшылығы латын қарпіне көшуді қолдайды
Бүгін, 19 қыркүйекте Атырауда облыс əкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен "Латынға көшу:болашақ таңдауы" атты облыс активінің жиналысы өтті. Жиында латын əліпбиіне көшу мəселесі айтылды,-деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
Президент • 19 Қыркүйек, 2017
Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенттігіне кандидат Өмірбек Бабановпен кездесті
Қазақстан Президенті Қырғыз Республикасының Президенттігіне кандидат Өмірбек Бабановпен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Медицина • 19 Қыркүйек, 2017
Бүгінгі таңда Қазақстандағы өмір сүру ұзақтығы 70,5 жасты құрап, әлем бойынша 152-орында тұр. Сонымен қатар «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында 2019 жылға қарай бұл көрсеткішті 73 жасқа жеткізу көзделген. Медицина мамандарының айтуынша, сапалы ауыз су өмірді 5-6 жылға ұзарта алады. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы күніне әр адамға кемінде 450-700 мл табиғи минералды су ішуді ұсынады. «Ағзаға қажетті микро-макроэлементтер тамақтан гөрі сумен денеге толық тарап, жақсы сіңеді», дейді олар.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2017
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Павлодарда насихаттау жұмыстарын жүргізді
Өткен аптада, яғни 14-15 қыркүйек күндері Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жанынан құрылған Дін істері жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобы Павлодар облысында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізді.