Пікір • 21 Қыркүйек, 2024
Еңбекқорлықты дәріптеудің жөні бөлек
Бүкіл әлем елімізді аграрлық ел ретінде таниды. Ұлттық экономиканың дамуы тікелей ауыл шаруашылығына байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында агроөнеркәсіп кешеніне қатысты бірнеше нақты ұсыныс айтылып, Үкіметке тапсырма берілді.
Пікір • 21 Қыркүйек, 2024
Бірде уикипедиядан қазақ халқы туралы мақаланы оқып отырып, бір қызықты «дерекке» кезіктім. «Сөйлейтін тілі» деген бағанға «қазақ, орыс, шала қазақ тілдері» деп жазып қойыпты. Оқыдым да қайран қалдым. Қазақтың бір бөлігі орысша шүлдірлейтіні рас. Оған дау айта алмайсың. Енді «шала қазақ тілі» қайдан шыққан деген сұрақ санамда тұрды да қойды.
Халық • 21 Қыркүйек, 2024
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1981 жылы Халықаралық бейбітшілік күнін белгілеген. Бұл мереке әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға, халықтар арасындағы достық қатынастарды дамытуға, халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізуге және мемлекеттердің іс-әрекеттерін үйлестіру орталығы болуға бағытталған әлемдегі ең ірі де ықпалды үкіметаралық ұйымның жоғары органының 2001 жылғы 28 қыркүйекте қабылдаған қарарына сәйкес 2002 жылғы 21 қыркүйектен бастап аталып өтіп келеді. Осы күні барлық мемлекетке зорлық-зомбылықтан бас тартып, ешқандай әскери іс-шара өткізбеу, ұрыс қимылдарын 24 сағатқа тоқтату ұсынылады.
Пікір • 21 Қыркүйек, 2024
Отандық энергетиканың келешегі
Ел экономикасының дамуы және келешегі энергетикалық жағдай мен табиғи байлық қорына байланысты. Бізде мұнай, газ және уранның мол қоры бар. Бірақ осыншама байлықтың есебі қайда дегенде іркіліп қалатынымыз да рас. Шикізаттың дайын өнімге айналмай жатқаны жұртшылықты қатты ойлантады. Өндірген өнімнің негізгі бөлігі тым арзан құнмен экспортқа шығады. Ал шикізат өнім күйінде сатылса, бағасы жоғары болатыны белгілі. Тәуелсіздік алғалы үлкен өндірістерді іске қоса алмадық. Өркендеген экономика құру қолдан келмеді.
Білім • 21 Қыркүйек, 2024
Ауыл мектептеріне айрықша көңіл бөлінеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында білім саласына ерекше басымдық берді. Жолдауда айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ел өңірлерінде аталған салада іргелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова осы бағытта атқарылып жатқан іс-шаралармен танысты.