Өндіріс • 21 Қыркүйек, 2024
Инвестиция игілігін көрген кәсіпорын
Алматы облысындағы «СП «FastenersMetal» бірлескен кәсіпорны – отандық «Фирма «Бент» ЖШС және қытайлық «GKRailways» компаниясы арасындағы серіктестіктің оң нәтижесі. Ынтымақтастық туралы келісімге осы жылдың маусым айында аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен қол қойылған еді. Оның да өзіндік себебі бар. «GKRailways» жоғары жылдамдықты теміржолдарға арналған құрамдас бөлшектер өндіруде әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі саналады.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы міндеттердің орындалу барысын қадағалау мақсатында Премьер-министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдің экономикалық-әлеуметтік ахуалымен танысты.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2024
Сайланған әкім сенімді ақтай ма?
Мемлекеттік қызметтегі лауазымның бірі – әкім. Атқаратын қызметіне орай әр деңгейге бөлінеді. Бұрын ауыл әкімдерін қоярда аудандық мәслихаттың депутаттары дауыс беретін еді. Президенттің ұсынысымен елімізде 2021 жылдан бастап ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесі енгізіліп, тұрғындар дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. Ал былтыр аудан әкімдері де осы әдіспен сайланды.
Үкімет • 21 Қыркүйек, 2024
Жүктелген міндетті іске асыру жолы
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата жанындағы Сарапшылар клубының отырысы өтті. Онда сарапшылар Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған экономикалық дамудың негізгі басымдықтарын және Президент жүктеген міндеттерді іске асыру жолындағы бірлескен жұмыстың форматын талқылады. Іс-шараға Қаржы министрі Мәди Тәкиев қатысты.
Ғылым • 21 Қыркүйек, 2024
Қазақ-неміс ғылыми байланысы бекиді
Отандық ғылым қоры мен Германияның ең ірі ғылыми ұйымы – Неміс зерттеу қорының (Deutsche Forschungsgemeinschaft, DFG) өкілдері кездесті. Кездесуде технологияларды коммерцияландыру саласындағы неміс ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту мақсатында бірлескен ғылыми жобаларды дамыту мүмкіндіктері талқыланды.