Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2024
Жылу желілерін жөндеуге қаржы бөлінді
Үкімет Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға резервтен қаржы бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Жоба • 31 Желтоқсан, 2024
Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында жүзеге асырылған мектепке дейінгі мекемелерді ваучерлік қаржыландыру бойынша қанатқақты жоба жоғары тиімділігін және реформаның негізгі қағидалары: әділдік, сапа, ашықтық және тиімділікке сәйкестігін дәлелдеді. Жаңа механизм барлық бала мен олардың отбасылары үшін мектепке дейінгі білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болды.
Қазақстан • 31 Желтоқсан, 2024
Алты ұйымның төріне шыққан жыл
Отандық және шетелдік сарапшылардың айтуынша, Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК), Азиядағы бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған платформа сияқты бастамалар арқылы аймақтық қауіпсіздікті ілгерілетіп жатыр. Сонымен қатар еліміз 2024 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Аралды құтқару халықаралық қоры және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына, жалпы 6 халықаралық ұйымға төрағалық етті.
Білім • 31 Желтоқсан, 2024
Даму үдерісіндегі жоғары мектеп
Елімізде оқытудың ең озық әдісін енгізуден бастап, заманауи инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ студенттерді жан-жақты қолдау мақсатында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін жаңғырту әрі реформалау бойынша ауқымды шаралар қабылданып жатыр. Ғылымды дамытуға бөлінетін қаражат көлемі артып келеді. Отандық ғалымдардың әзірлемелерін қолдау мен коммерцияландыру жөніндегі бағдарламалар қабылданды.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2024
Әлеуметтік жәрдемақы мөлшері қандай?
Жыл басынан бері мүгедектігі бар жандарға, асыраушысынан айырылған отбасыларға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 560 млрд теңге жұмсалған. Осыған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 73,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлем төленген.