Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2024

Орал тұрғыны ауладан жаңа жылдық шыршаны ұрлап кеткен

757 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция көпқабатты үйдің ауласынан шыршаны ұрлап кеткен адамды ұстады. Бұл туралы қалалық полиция мәлім етті.

Орал тұрғыны ауладан жаңа жылдық шыршаны ұрлап кеткен

Оқиға кешкі уақытта болған. Жергілікті тұрғындар аулада безендірілген шыршаның жоғалып кеткенін байқаған.

— Орал қаласында учаскелік полиция инспекторлары көппәтерлі үйдің кіреберісіне орнатылған шыршаны ұрлап әкеткен 48 жастағы ер адамды ұстады. Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — делінген хабарламада.