Елорда • 19 Желтоқсан, 2023
Астанада 2 мыңнан астам адам қар тазалауға шықты
Қала көшелерін қардан тазартуға 2300-ден астам жол жұмысшы мен 1400-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды. Қардан тазарту 18 желтоқсанға қараған түннен, яғни қар жауғаннан бастап жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2023
Шымкентте мәдениет үйінің төбесі опырылып, студент қаза тапты
Шымкентте жылдар бойы қаңырап тұрып, биыл 13 қарашада мемлекет меншігіне қайтарылған мәдениет үйінің төбесі опырылып, 18 жастағы медколледж студенті қаза тапты, деп жазады Egemen.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023
11 айда қанша қандастың көшіп келгені белгілі болды
2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 19 476 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 126,5 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023
Белгілі актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі өмірден озды. Бұл туралы актер өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023
Асы жайлауы мемлекет меншігіне қайтарылды
Алматы облысындағы әйгілі Асы жайлауы мемлекет меншігіне қайтарылды. Ақжолтай ақпаратты «Amanat» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.