Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023

Асы жайлауы мемлекет меншігіне қайтарылды

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысындағы әйгілі Асы жайлауы мемлекет меншігіне қайтарылды. Ақжолтай ақпаратты «Amanat» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асы жайлауы мемлекет меншігіне қайтарылды

Фото: vkadre_kz

«Алатаудай биік тұлғалы алматылық ағайын үшін Асы жайлауының қадірі мен қасиеті бөлек. Бұны біз жыл басында осында келгенде ерекше аңғардық. Екі жарым мың метр биіктікте ен жайлаған қастерлі мекеннің жекеге өтіп кеткені жергілікті жұрттың қабырғасына қатты батқан. Масақ ауылдық округі тұрғындары «Бұғыты» аумағындағы көлемі 2,4 мың гектар жер учаскесі жекенің қолында екенін айтып шағымданған болатын. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы –  Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржановпен бірге арнайы келіп, жергілікті жұртпен жүздестік.

арасына

Біз бұл мәселені бес ай бұрын келгенде естіген соң мәселені көтергенбіз. Халықтың мал жаю мұқтажын қанағаттандыру мақсатында жайлаудың біршама бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылғанын жеткіздік. Осы орайда облыс бойынша барлығы 213,5 мың га жайылымдық жерлер ауылдық округтерге берілгенін ерекше атап өткеніміз жөн.

Бұл жұмыстардың барлығы «Жер Аманаты» комиссиясының жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып атқарған жұмыстарының нәтижесі. Бұл игілікті істің басы ғана. Кезінде жерге қисынсыз иелік етіп, жайылым жердің тапшылығын қолдан жасаушылармен күрес әлі де жалғаса бермек», деп жазды Д.Кәрібек Facebook парақшасында.