Экономика • Бүгін, 10:20

Елімізде ІЖӨ көлемі 3,6%-ға өсті

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанның ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) 3,6 пайызға өсті. Бұл бірінші тоқсан қорытындысымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш. Бірінші тоқсанда экономикалық өсім 3 пайыз деңгейінде болған еді, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде ІЖӨ көлемі 3,6%-ға өсті

Фото: Pixabay

Сарапшылар экономиканың өсімі бір ғана сектордың есебінен емес, бірнеше негізгі саланың қатар дамуы арқылы қалыптасып отырғанын атап өтті. Мәселен, құрылыс, көлік және логистика, сауда, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібі экономиканың негізгі драйверіне айналған.

Бұл экономикалық өсім құрылымының анағұрлым тұрақты бола бастағанын көрсетеді. Өндіруші өнеркәсіп саласында қысым сақталғанына қарамастан, ел экономикасының жалпы динамикасы оң бағытта дамып отыр.

Цифрлық экономика ІЖӨ-ге қалай әсер етеді? Президент ұсыныстар енгізуді тапсырды

ІЖӨ өсіміне өндірістік секторлар серпін беріп келеді 

Қазіргі экономикалық динамиканың басты ерекшелігі – өсімнің шикізат секторынан емес, шикізаттық емес негізгі салалардан қалыптасуы. Атап айтқанда, құрылыс, көлік, сауда, ауыл шаруашылығы және әсіресе өңдеу өнеркәсібі экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналып отыр.

Өңдеу өнеркәсібінің 9,9 пайызға өсуі – экономика құрылымындағы маңызды өзгерістің белгісі. Мұндай қарқын саланы соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштерге жақындатып, елдің өндірістік базасы әртараптанып келе жатқанын аңғартады.

Өңдеу өнеркәсібі өнеркәсіп өсімінің басты драйверіне айналды

Төрт айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінде де өсім байқалып отыр. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, нақты көлем индексі – 102,1 пайызға жетті.

Бұл өсімге, ең алдымен өңдеу секторының жедел дамуы әсер етті. Қаңтар-сәуір айларында өңдеу өнеркәсібі – 9,9 пайызға өсті. Ал қаңтар-наурыз қорытындысында бұл көрсеткіш – 8,5 пайыз болған.

Яғни, өнеркәсіп өсімі тек шикізат өндірісінің есебінен емес, қосылған құны жоғары өнім шығаратын салалардың дамуы арқылы қамтамасыз етіліп отыр.

Серік Жұманғарин: Еліміздің ІЖӨ мөлшері 300 млрд доллардан асты

Өңдеу өнеркәсібі соңғы жылдардағы ең жоғары қарқындардың бірін көрсетті

Өңдеу өнеркәсібіндегі тарихи ең жоғары өсім 2017 жылы тіркелген. Ол кезде қаңтар-сәуір айларындағы индекс 114,3 пайызға жеткен еді.

Қазіргі көрсеткіш 2020 жылдың басындағы жоғары қарқыннан да асып түсті. Аталған кезеңде қаңтар-ақпан айларында өңдеу өнеркәсібінің өсімі 109,4 пайыз болған.

Соңғы жаңалықтар