Қоғам • Бүгін, 10:32

Құрбан айт қашан басталады?

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамыр айында қазақстандықтар мұсылман қауымы үшін ең қасиетті мерекелердің бірі – Құрбан айтты атап өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Құрбан айт қашан басталады?

Фото: qfl.kz

Құрбан айттың нақты күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесіп Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан бекітіледі.

2026 жылы Құрбан айт 27 мамырға, яғни сәрсенбі күніне сәйкес келіп тұр. Сондықтан бұл күн ресми түрде демалыс күні болып саналады.

Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді

Осылайша, мамыр айында ел азаматтарын қосымша бір демалыс күні күтіп тұр. Еске сала кетейік, бұл айда ел тұрғындары мереке және демалыс күндерін қоса есептегенде шамамен 14 күн демалады. 

Айта кетейік, Құрбан айт – ислам әлеміндегі ең маңызды мерекелердің бірі. Ол Ораза айттан кейінгі 70-күні атап өтіледі. Ай күнтізбесіне байланысты мерекенің мерзімі жыл сайын шамамен 10 күнге ауысып отырады. Араб тілінен аударғанда «Құрбан айт» атауы «Құрбан шалу мерекесі» деген мағынаны білдіреді. Бұл күні мұсылман қауымы құрбандыққа қой, ешкі, сиыр немесе түйе шалады.

Депутат теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салуды талап етті

 

Соңғы жаңалықтар