Әдебиет • 18 Желтоқсан, 2024
Әдебиет біздің өмірімізге араласқалы бері тек рухани азық қана емес, қоғамды түзеудің де қуатты құралы болып келді. Әрине, ойдың қаруы деген дұрыс шығар. Әлемге аты шыққан қаламгерлер қаламын қару етіп, қоғамға, айналасына ой тастауды басты мақсат етті. Сол үшін де олардың кейбірі ізгіліктің елшісі, жақсылықтың жаршысы бола алды. Бүгін сол туралы сөйлемекпіз.
Digital • 18 Желтоқсан, 2024
Айымдардың IT әлеміндегі жетістігі
«Astana Hub» халықаралық технопаркі «IT-Aiel» бағдарламасының екінші легін қорытындылады. Аталған жобаның ерекшелігі – мұнда IT саласында еңбек жолын бастағысы келетін арулар «No code», «Freelance School», сондай-ақ «E-commerce» бағдарламалау бағыттары мен басқа да цифрлық дағдыларды тегін меңгере алады.
Әдебиет • 18 Желтоқсан, 2024
«Өзектегі өз несібем өлеңмен, Лифтісіз үйге қайтып келем мен». Ақын баспалдақ санап бара жатпағаны анық шығар. Басқан сайын діңкелеткен, мезі болса да міндетті қалыбынан танбаған бетонға тиген өкшенің үні де қызықтыра қоймас. Бірақ запы қылса да, оның да дауысы бар емес пе? Жоғарыға көтерілген сайын атқақтаған жүрегінің үнін тыңдап, соған үңілумен барады десек, әңгіме бөлек. Мүмкін, жүректің шамын жоғарыдағы миға түсіру керек шығар, кім біліпті. Ол үшін Абайға жүгінуге тура келеді. Ақыл, қайрат, жүрек үшеуі таласа келе ғылымға бас ұратыны бар еді ғой.
Сараптама • 18 Желтоқсан, 2024
Әйел мәртебесі: Кешеден бүгінге дейін
«Қыздың жолы – жіңішке» дегендей, халқымыз қашанда қыз баланың тәрбиесіне, оның өсіп-өнуіне, отбасы мен қоғамдағы рөліне ерекше көңіл бөлген. Еліміз дәстүріміздегі осынау бай рухани мұраға арқа сүйеп, заман талабына сай қыз-келіншек, әйелдердің өз әлеуетін барынша ашуына мүмкіндік туғызатын саясат жүргізіп келеді.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2024
Бекем бірлік пен тату тірлік – тәуелсіздік тұғырын биіктететін қуатты құндылық. Еркін елдің ертеңі еңселі болу үшін бауырмалдық пен жарасым, өзара түсіністік пен сыйластық салтанат құруы керек. Еліміз зайырлы мемлекет ретінде қазақ жеріндегі түрлі этностардың еркін өмір сүріп, дәстүрі мен мәдениетін, тілі мен ділін сақтауға еш шектеу қойған емес.