Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2018
Ұлттық ұлан өнерпаздары мерекелік концерт өткізді
Бүгін Астана қаласының «Жастар» сарайында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Үлгілік-көрсетімді оркестрі мен Ән-би ансамблі еліміздің Тәуелсіздік күніне орай «Туған жерім - тұғырым» атты мерекелік концерт өткізді. Аталмыш шара Астана қаласы Байқоңыр әкімдігінің қолдауымен бірлесе өткен болатын. Салтанатты жағдайда залға Байқоңыр ауданының тұрғындары, мектеп оқушылары, мекеме басшылары, әскер ардагерлері жиналды, деп хабарлайды Ұлттық ұланың баспасөз қызметі.
Өнер • 12 Желтоқсан, 2018
Алексей Уткиннің жеке көрмесі көрерменге жол тартты
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде белгілі суретші Алексей Уткиннің «Мен осындай әр қилымын» атты жеке көрмесі көрерменге жол тартты. Экспозицияға суретшінің 150-ге тарта кескіндеме, графика, авторлық портреттік туындылары қойылған.
Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2018
Павлодар облысында 72 көше, 7 ауылдың атаулары өзгерді
Атауы өзгерген көшелердің ішінде бұрынғы Кутузов пен Ленин көшелері де бар. Еліміздегі ономастика комиссиясының шешімімен Ленин көшесі Астана, Кутузов көшесі Тәуелсіздік даңғылы деп өзгертілді.
Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2018
Атырауда ұн тартатын диірмен іске қосылды
11 желтоқсанда Индустрияландыру күні аясында өткен телекөпірде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ұн тартатын диірмен іске қосылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Білім • 12 Желтоқсан, 2018
Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге қолдау артады
Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен білім саласының инфрақұрылымын дамытуға зор көңіл бөлініп келеді. Биылдың өзінде алып шаһар Алматыда білім нысандары құрылысы мен күрделі жөндеуден өткізуге 17 млрд теңгеден артық қаржы бөлінген. Тәуелсіздік жылдарынан бері қалада 117 оқу ордасы бой көтерсе, соңғы бес жылда саланы қаржыландыру 37%-ға өскен.