Білім • 12 Желтоқсан, 2018

Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге қолдау артады

422 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен білім саласының инфрақұрылымын дамытуға зор көңіл бөлініп келеді. Биылдың өзінде алып шаһар Алматыда білім нысандары құрылысы мен күрделі жөндеуден өткізуге 17 млрд теңгеден артық қаржы бөлінген. Тәуелсіздік жылдарынан бері қалада 117 оқу ордасы бой көтерсе, соңғы бес жылда саланы қаржыландыру 37%-ға өскен. 

Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге қолдау артады

Жыл басынан бері жа­ңаша білім беруге кіріскен алматылық мұғалімдердің 70%-ның жалақысы 30 пайыз­ға көбейген. Ал қыркүйектен бас­тап ұлттық кәсіби тесті­леу­ді еңсерген 1293 ұстаз ал­ғаш рет өздерінің қызметтік еңбек­ақысына 30-дан 50 па­йызға дейін қосымша ақы алатын болады. Бұл тура­лы қаланың педагогтар қауы­мымен кездескен шаһар бас­шысы Бауыржан Байбек айт­ты. Әсіресе физика, химия, информатика пәндерін ағыл­шын тілінде оқытатын мамандарға айрықша жағдай жасау көзделген. Мұндай мұ­ғалімдердің қызметтік жала­қыларына қоса 200%-дық кө­лемде қосымша ақы төленеді. 

Қаланың үздік педагогтарымен кездескен қала әкімі Мемлекет басшысының Жол­дауын жүзеге асыру аясында Білім және ғылым ми­нис­­тр­­лігінің «Педагог мәр­те­бесі туралы» және «Оқушы мен мұғалімнің жүктемесін азай­ту бойынша бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен қо­сымшалар енгізу туралы» заңдардың жобаларын да­йындағанын атап өтті. Оның сө­зінше, қаладағы барлық ұс­­таздар мен ата-аналар қауым­дастығының өкілдері аталған заңды талқылауға бел­сенді түрде қатысуы керек.

«Ең маңыздысы, жобадан қазақстандық педагог­тер өз жұмыстарының жоға­ры бағаға ие екенін, білім сала­сында туындаған барлық мәселеге, оқушылар мен мұ­ға­­лімдерге айрықша назар аударылаты­нын көрді. Сіз­дердің қаланың білім саласын дамытуға қосқан үлес­те­ріңіз өте жоғары, жауап­ты әрі қиындығы мол ұстаздық қыз­­меттеріңізге алғыс айтамын. Оқушылардың түрлі бі­лім сайыстарында би­ік же­тіс­­тіктерге жетуі жеке кәсі­би бі­ліктіліктеріңіздің сапасын ай­қындай түседі», деді Б.Байбек.

Алматы қаласының білім беру жүйесінде 1078 білім беру ұйымы жұмыс істесе, соның 700-ден астамы мектепке дейінгі білім беру ме­кемесі. Мәселен, соңғы екі жылд­ың өзінде қалада 10,4 мың адамға арналған 262 мек­тепке дейінгі мекеме ашылған. Бүгінде мектепке дейінгі білім беру және тәр­биелеу ісімен қаладағы үш жастан алты жасқа дейін­гі жеткіншектердің 81,2 пайы­зы қамтылып отыр. Мек­тептер мен мектептен тыс ұйым­дарда іске қосылған роботтехника және 3D модельдеу үйір­мелерінде 3 мыңнан астам шәкірт білім алады.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ