Экономика • 31 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистикалық әлеуетті дамытуды Үкімет жұмысының негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгіледі. Бұл тапсырманы орындау шарасы тиянақты жүргізіліп келеді.
Экономика • 31 Желтоқсан, 2023
2024 жыл: Автомобиль нарығын қандай өзгеріс күтіп тұр?
Былтырғы он айда біздің зауыттар автомобильдер мен коммерциялық техника құрастыруды 2022 жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық орындаған. Цифрмен айтқанда, бір жылға жуық уақыт ішінде жарты трлн теңге сомасына 124 мың автомобиль құрастырылыпты. Ел тұрғындарының да көлік алуға деген ынтасы жоғары. Мұндай динамика соңғы алты жыл бойы сақталып отыр. Сарапшылардың айтуынша, жыл сайынғы сатып алу көрсеткіші кемі 20 пайызға ұлғайып келеді.
Қаржы • 31 Желтоқсан, 2023
Ең төменгі жалақы мөлшері өседі
Ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) еңбек нарығын реттеуде негізгі орын алып, ең төменгі әлеуметтік стандарт ретінде жыл сайын тиісті қаржы жылына Республикалық бюджет туралы заңмен айқындалады. Бұл мемлекеттің толық күн жұмыс істейтін және еңбек уақытының нормаларын орындайтын қызметкердің белгілі бір деңгейден төмен жалақы ала алмайтынына кепілдік беретінін білдіреді.
Қазақстан • 31 Желтоқсан, 2023
Жаңа жыл қарсаңында күллі еліміз, соның ішінде маңғыстаулықтар үшін сүйінші хабар жетті. Адай жылқысы асыл тұқым мәртебесін алып, осы құжатпен қазақтың бренді ретінде дүниежүзіне танылатын болды. Бұл мәселе «Egemen Qazaqstan» газеті бетінде 2012 жылдан бері бірнеше мәрте көтерілді. Ал 2022 жылы 13 қазанда адай жылқысын ұлттық бренд ретінде тану күн тәртібіне шығарылды. Артынша Маңғыстауға сапармен келген Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев адай жылқысын ұлттық бренд ретінде тануды жүзеге асыру бойынша мамандарға тапсырма берді.
Көрме • 31 Желтоқсан, 2023
Ұлттық музейде «Отандастар қоры» және «Elsana Amanat» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Уақыт құшағында» атты Ауған қазақтарының шебер қолынан шыққан кілемдердің көрмесі ашылды. Мазмұнды іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті.