Ата заң • 28 Қаңтар, 2026
Қазақстанда неке мен отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтіледі
Конституциялық комиссияның төртінші отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жеке басқа қол сұқпаушылық, негізгі құқықтарды қорғау және сот билігінің тәуелсіздігіне қатысты нормалар айтарлықтай күшейтілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Қаңтар, 2026
Тоқаев: IT-компаниялар әлемдік нарыққа шығатын алаңға айналуы қажет
Президент IT-кәсіпкерлер Ерзат Дулат пен Мұрат Әбдірахмановты қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 28 Қаңтар, 2026
Бақыт Нұрмұханов: Халық кеңесі барлық азаматтың мүддесін білдіреді
Конституциялық комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы Ата заңының негізгі бөлімдеріне түзетулерді дайындау бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Атап айтқанда, ел Парламентінің өкілеттіктері мен рәсімдеріне айтарлықтай ревизия жүргізілді. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 28 Қаңтар, 2026
«Turning points Qazaqstan» журналының алғашқы саны таныстырылды
Жүріп келе жатқан жолдың бір мезетте тұйыққа тірелгенін аңғарып, басқа жолға бұрылатын кездер бәрімізге таныс. Мұндай жағдайды алдын ала жоспарлай алмайсыз, бірақ кейін дәл осы шешім өміріңіздің ең маңызды бұрылысы болғанын түсінесіз. Интеллектуалдық сапарға шыққан қоғамдық сана да тағы бір бетбұрыстың алдында тұр. Жаңадан жарық көрген «Turning points Qazaqstan», еркін аударсақ «бетбұрыс белесіндегі Қазақстан» журналы сындарлы сәтте сыни ойлайтын, көзі ашық қоғамды қалыптастыруға бағатталған еңбегін бастап үлгерді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 28 Қаңтар, 2026
Қазақстан «Лукойл» компаниясына қатысты АҚШ-қа хат жолдады
Қазақстан АҚШ-қа «Лукойлдың» елдегі жобалардағы үлесіне қатысты ресми өтініш жолдады. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.