Қоғам • 28 Қаңтар, 2026
Өткен жылы қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?
2025 жылы 16 805 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 164,8 мың этникалық қазақ оралған. Елге оралған қандастардың 44,5%-ы Өзбекстаннан, 44,1% – Қытайдан, 4% – Түрікменстаннан, 3% – Монғолиядан, 2,5% – Ресейден және 1,9% – басқа елдерден келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қаңтар, 2026
Балаларды инемен қорқытқан: Шымкентте балабақша тәрбиешісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Әлеуметтік желіде балабақшадағы бүлдіршіндерді инемен қорқытқан тәрбиешінің әрекеті таспаланған видео кең тарап кетті. Бейнежазбаға қатысты Шымкент қалалық полиция департаменті түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 28 Қаңтар, 2026
Абай елінің туристік ахуалы қалай?
Кеше Үкімет отырысында Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдегі туризм саласының дамуы және Алакөлдегі ахуал туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2026
Министрлік: Үш күнде 40 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді
Ішкі істер министрлігі жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өткізілген «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Айналдырған үш күнде 40 мыңнан аса бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қаңтар, 2026
Қостанайда 2,2 млрд теңгеге салынған жаңа мектептің шатыры опырылып түсті
Қостанайда әлі ашылмаған, жаңадан салынып біткен мектептің шатыры құлаған. Сот апаттың жобалау және құрылыс нормаларының бұзылуынан болғанын анықтап, мердігерді бюджетке 266 млн теңгені қайтаруға міндеттеді. Ал құрылыс компаниясы нысандағы мәселелерді жылудың және инженерлік коммуникациялардың болмауымен байланыстырған, деп хабарлайды Egemen.kz.