Медицина • 27 Қаңтар, 2026
Министр: Емханалардың 80%-ында педиатриялық бөлімшелер ашылды
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі балаларға алғашқы деңгейде кешенді медициналық көмек көрсетуді күшейтіп жатыр. 2025 жылдың шілдесінен бастап Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарының 80%-ында педиатриялық бөлімшелер құрылған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгін Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 27 Қаңтар, 2026
1 миллионнан 13 миллионға дейін: Тауарлардың ұлттық каталогі бизнеске қалай әсер етеді?
Елімізде тауар айналымын цифрландыру жаңа кезеңге өтті. Қаржы министрлігінің Электрондық қаржы орталығы Тауарлардың ұлттық каталогін (ТҰК) жаңғыртудың негізгі кезеңін аяқтап, оның ауқымын бірден он есеге ұлғайтты. Бұрын 1,3 млн тауарды қамтыған жүйеде енді 13 млн-ға жуық өнім тіркелген. Бұл жай ғана санның өсуі емес, отандық бизнес үшін жаңа тәртіп пен түсінікті ережелердің қалыптасуы, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 27 Қаңтар, 2026
Елімізде нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді
Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елімізде нәресте өлімі төмендеп, Қазақстан балалардың әл-ауқаты индексі бойынша топ-30 елдің қатарына енгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2026
Ұлттық компания дрон басқара білетін мамандар іздеп жатыр
Азаматтық секторда ұшқышсыз әуе кемелерін (ҰӘКЖ) пайдалану қарқыны артып, кәсіби даярланған мамандарға сұраныс күшейіп келеді. Осыған байланысты «Қазақстан инжиниринг» R&D орталығы» ЖШС дрон басқара алатын, ұшқышсыз әуе кемелері жүйелерін кәсіби деңгейде меңгерген операторларды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 27 Қаңтар, 2026
Жамбыл облысында үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді
Жамбыл облысында үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешімін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.