Бизнес • 30 Желтоқсан, 2025
АҚШ-та бизнестің 39%-ы әйелдерге тиесілі
Қазіргі таңда әйелдер кәсіпкерлікке бұрынғыдан да белсенді араласып келеді. АҚШ-та кәсіпкер әйелдердің бизнес-идеяларын жүзеге асыруына мемлекеттік бағдарламалар да қолдау көрсетіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2025
Атырау облысының төрт ауданына жаңа прокурор тағайындалды
Бас прокурордың бұйрығымен Атырау облысына қарасты Махамбет, Жылыой, Қызылқоға және Мақат ауданының жаңа прокурорлары қызметіне кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Астана әуежайында ауа райы салдарынан 11 рейс кешігіп қонды
Ауа райының күрделі жағдайы сақталып, мұз қататын жаңбыр салдарынан бірқатар рейс кешігіп орындалып жатыр. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Кейіпкерімді бала күнімнен білемін. Оның есімі – Рамазан Боқанұлы. ҰҚК отставкадағы полковнигі, тарих ғылымдарының кандидаты. Әке-шешесін де жақсы танимын. Өйткені бір ауылданбыз. Көрші тұрдық. Ата-анасы елге сыйлы адамдар еді. Әкесі Боқан – екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері. Тұлғалы азамат болатын. Түрі сұсты. Ұзақ жылдар кеңшарда есеп саласында қызмет істеген. Жеңіс күні қарсаңында Боқан әкені мектепке шақырып, талай мәрте әңгімесін тыңдадық. Ол кезде ауылда соғысқа қатысқан қарттардың біразы бар еді. Кейбір майдангерлер соғыс туралы айтқанды ұнатпайды. Ал Боқан ақсақал ондай емес. Бізге қанды қырғында көзімен көрген оқиғаларды бүкпесіз баяндайды. Ал анасы Әсияхан апа мейірімді, еңбекқор жан еді. Оның бау-бақшасында жемістің неше түрі жайқалып өсетін.
Елорда • 30 Желтоқсан, 2025
31 желтоқсан күні Астанада қандай мерекелік концерттер өтеді?
Ертең елорданың 6 ауданындағы 10 локацияда мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Іс-шараларда елімізге танымал әншілер Зарина Омарова, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев, «Меломен» және «Бәйтерек» тобы өнер көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.