Қылмыс • 14 Қаңтар, 2026
Береке ауылында кісі өлімі тіркелді
Уәлиханов ауданындағы Береке ауылында болған дастархан отырысында 32 жастағы жігітті бірге отырған 29 жастағы ауылдасы сөзге келіп қалып, қатты затпен ұрып өлтірген деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 14 Қаңтар, 2026
Әскерилер майдангерді ғасырлық мерейтойымен құттықтады
Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Анатолий Поповты ғасырлық мерейтойымен құттықтап, Қорғаныс министрінің құттықтау хаты мен естелік сыйлықтар табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Қаңтар, 2026
Шаруалар Үкіметтің сәбіз эскпортына қатысты шешіміне наразылық білдірді
2025 жылдың 25 желтоқсанында Ауыл шаруашылығы министрлігі транзитті қоспағанда елімізден барлық көлік түрімен сәбізді шетке, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге тасымалдауға 3 айға тыйым салу шешімі туралы жариялаған еді. Бұл бастама шаруалар тарапынан наразылыққа ұшырады. Фермерлер мен кәсіпкерлерді алаңдатқан мәселені бүгін Мәжіліс отырысында депутат Темір Қырықбаев көтеріп, Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Трекер, камера, «ақылды» көлік: Депутат деректер қауіпсіздігіне алаңдаулы
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мүтәлі Әбүтәліп Үкіметке депутаттық сауал жолдап, ел аумағында жасырын бақылауға арналған техникалық құрылғылардың бақылаусыз айналымы мен жаңа буындағы автомобильдер арқылы жеке деректердің шетелге кету қаупіне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 14 Қаңтар, 2026
Елімізде әскери қызметкерлердің жалақысы өседі
Жаңа еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес, 2026 жылы 1 қаңтардан бастап офицерлердің лауазымдық жалақысын 23%, ал қатардағы және сержанттық құрамның жалақысын 10% арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.