Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Ташкент базарларының бірінде жылдар бойы кітап сатып күн көрген әжей бір күні «заттарыңызды екі-үш күннің ішінде жинап, сауда орныңызды босатыңыз» деген ресми хабар алады. Күнделікті тірлігі кітаппен байланысты жан үшін бұл жаңалықтың қалай әсер еткені айтпаса да түсінікті. Осы сәтті жанашыр бір азамат бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялап жіберген екен.
Театр • 14 Қаңтар, 2026
«Astana Musical» мемлекеттік театрының репертуарындағы үздік қойылымдардың бірі – «Достар серті» мюзиклі көрермен тарапынан жоғары бағаланып келеді. Бүгінге дейін бұл музыкалық қойылымды 1200-ден аса көрермен тамашалады. Оның дәлелі кезекті көрсетілімде.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Кей адамның тағдырын бір ғана кездесу өзгертетін сәттер де болады. Бүгінгі кейіпкеріміз Акира Такегучидің де басынан өткен оқиғасы, әне, сондай бір қайталанбас шақтың белгісіндей. Ол алғаш домбыраны көрген сәтін әңгімелеуден жалыққан емес.
Жекпе-жек • 14 Қаңтар, 2026
Ең жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақтың аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дегі келесі кездесуін 28 ақпанда Мексикада жергілікті спортшы Брэндон Мореноға қарсы өткізеді.
Спорт • 14 Қаңтар, 2026
Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының 20 қаңтарда өтетін кезекті турында Алматының «Қайраты» «Астана Аренада» Бельгияның «Брюгге» клубын қабылдайды. Сатылымға шыққан билеттер құны: 1-санаттағы орындар – 50 000 теңге, 2-санат – 35 000 теңге, 3-санат – 25 000 теңге, 4-санат – 15 000 теңге.